18.03.2024
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы 2Д.
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары)
Мұғалжар ауданының білім бөлімі жеке мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 210 орынға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйым Мұғалжар ауданының білім бөліміне мынадай құжаттар тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Конвертке салынған конкурстық өтінімдерді конкурсқа қатысушылар «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ-не төмендегі мекен- жай бойынша : Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы 2Д, қабылдау кабинетіне тапсырады немесе көрсетілген электрондық поштаға жолдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2024 жыл 20 наурыз айы сағат 18:30.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2024 жылдың 26 наурыз сағат 15:00-де төмендегі мекен- жайда: «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы 2Д ашылады.
Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 2024 жылдың 29 наурыз күні ұсынылған құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады.
8 (7133) 3-55-02