Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерінде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Аталған тақырыпта сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына аудан көлемінде 12526 оқушы қамтылды.Оның ішінде 1417 оқушы 1 сыныпқа қабылданды.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - балалардың қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту, ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар, оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда — 36 оқу аптасын құрайды.
Білімге ұмтылған шәкірттердің бағындырар белестері биік болсын деп тілек білдіреміз.Білім күні құтты, жаңа оқу жылы табысты болсын!
https://mugalzhar-roo.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/9465-%c2%ab%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b5%d2%a3-%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc,-%d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d2%9b%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d2%9b%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%b5%d1%82%c2%bb.html#sigFreeId3bc254f800