Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ базасында білім беру саласы қызметкерлерінің «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» тағырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
Жыл сайын жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын. Ол алдағы бір жылға мақсат жоспарларды бағдарлап, міндеттерді айқындайды.
Жиын барысында өткен оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жалпы республикада білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар таныстырылды.
Жиынға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Алғаш сөз алған аудандық білім бөлімі басшысы Бахраман Қуанышұлы жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын басты мақсат - міндеттерді атап өтті. Келесі сөз кезегінде аудан әкімі А.Шериязданов барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Іс - шара барысында Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Кулумшин Естібай Өмірбайұлы, Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің жас маманы Мұрат Баянсұлу, Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінің зейнеткер ұстазы Турмухамбетова Гулжан Кулимжанована сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына ізгі тілектерін білдірді.
Жиын соңында білім беру саласына ерекше үлес қосқан ұстаздарға Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамосы мен облыстық білім басқармасының, кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы және алғыс хаттары, сонымен қатар аудан әкімінің Құрмет грамотасы, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.