18 Шілде 2022
Жаңалықтар

«АЛДИЯР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

Елімізде 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында қажеттілікке байланысты Қандыағаш қаласында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында аудан әкімдігімен жеке кәсіпкер арасындағы келіссөздер нәтижесінде «Алдияр» бөбекжай-балабақшасы ашылды. Жаңадан ашылған балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, аудандық мәслихат хатшысы Роза Мусенова, бөлім басшысы Ғаинин Нұрсұлтанова, аудандық мәслихаттың депутаттары және қала тұрғындары қатысты. Балабақшада 150 бала тәрбиеленетін болады. Жас ұрпақ тәрбиесіне жанашырлығын танытқан жеке кәсіпкер Серік Әйтен.

Мектепке дейінгі мекеме талапқа сай жабдықталған. Мұнда 2 мен 6 жас аралағындағы балаларды қабылдайды. Бүлдіршіндердің қазақ және орыс тілінде білім алып, шығармашылығын шыңдауға түрлі жағдайлар жасалған. Алтынды көшесі 20 Б мекен-жайында (бұрыңғы «Тағам» ЖШС-нің ғимараты) орналасқан «Алдияр» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндерді тасымалдау қызметіде қарастырылған.
Балабақшаға e.aktobe.kz арқылы ата-аналар өздері жолдама ала алады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар