18 Шілде 2022
Жаңалықтар

"Волейболдан №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-ң директорының ауыспалы кубогы"

🏆🏆🏆"Волейболдан №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-ң директорының ауыспалы кубогы" 🏆🏆🏆
№4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ директорының ауыспалы кубогы үшін волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты: ұжым арасында достық қарым-қатынасты, ауызбіршілікті, сыйластықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарыстың ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. Нурмаганбетова қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Тартысты бәйгеге мектеп ұстаздары арасынан 6 команда қатысты:
🏐"Намыс"- команда капитаны-Н.Турмульдинов
🏐"Тәуекел"- команда капитаны-Ш.Мендыгалиев
🏐"Барыс"-команда капитаны-Б.Бакитов
🏐"Қамқор"-команда капитаны- Б.Дүйсеналин
🏐"Аманат"-команда капитаны-А.Жайбергенов
🏐"Шабыт"-команда капитаны-Р.Отаралин
Жарыс өз мәресіне жетіп, командалар Алғыс хаттармен, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
🥇I орын- "Шабыт" командасы-15000 тенге сертификат
🥈ІІ орын-"Барыс" командасы-10000теңге сертификат
🥉ІІІ орын-"Тәуекел" командасы-6000теңге сертификат.
Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен қатысушылар "Үздік ойыншы" номинациясына және ақшалай сыйақымен марапатталды, олар:
Г. Тулеумухамбетова
К. Сугирова
А. Меңдібаева
А. Нышан
Жарыс соңында мектеп директоры Г. Н. Мусина қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мектеп директорының ауыспалы кубогін жеңімпаз атанған "Шабыт" командасына табыстады.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Ұйымдастырушылар:
Б. Бакитов
Ж. Конратбаева
Ж. Калмукашева

Пайдалы ақпараттық ресурстар