18 Шілде 2022
Жаңалықтар

«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 📌18 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин және бөлім басшысы Ғаинин Нұрсұлтанова «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегерлерін марапаттады. Кездесу барысында «Елбасы Медалі» жобасы туралы жан-жақты ақпарат беретін арнайы бейне роликті оқушылармен бірге тамашалап, еркін әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.

📌 Салтанатты шара №4 ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ ЖББОМ базасында өткізілді, шараға мектеп басшылары, оқушылар және аудандық білім беру ұйымдарының «Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегерлері №4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ оқушылары Исаенко Диана Александровна, Зейноллаева Жанайым Мейрамбекқызы, Еламанова Аяла Мирасқызы, №5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ оқушысы Шамшадиновна Молдір Женисовна және Ақкемер ЖББОМ оқушысы Қадырханова Әлия Төлемісқызы қатысты.

✅ «Елбасы Медалі» жобасының ережесі бойынша Қола деңгей — Қатысушылардың жасы 14 жастан бастап, ұзақтығы 6 ай; Күміс деңгей — Қатысушылардың жасы 15 жастан бастап, ұзақтығы 12 ай; Алтын деңгей — Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары, ұзақтығы 18 ай.

📌 Әбір қатысушы аталған уақыт бойы өзін-өзі дамыту үшін 7 бағытта спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі бойынша тапсырмалар орындайды.

🔗 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысына сәйкес «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдануға басым құқыққа ие болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар