АМАНЖОЛ БАХРАМАН ҚУАНЫШҰЛЫ
Аманжол Бақраман Қуанышұлы, 1980 жылы 13 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары, 1997 – 2001 жж., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, «Экономика және құқықтану негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығы,
2021 ж., Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» мамандығы.
Санаты: Жоғары санатты мұғалім.
Еңбек жолы:
2002 – 2004 жылдар аралығында Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінде мұғалім;
2004 жылдың наурыз айынан бастап Ырғыз аудандық білім бөлімінің жетекші маманы;
2004 жылдың желтоқсан айынан бастап Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің директоры;
2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Құмтоғай орта мектебінің директоры;
2008 жылдың тамыз айынан бастап Жайсаңбай селолық әкімі;
2010 жылдың наурыз айынан бастап Ырғыз аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы;
2011 жылдың қараша айынан бастап Ырғыз аудандық білім бөлімінің бас маманы;
2012 жылдың қараша айынан бастап №1 қазақ орта мектебінің директоры;
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің директоры;
2019 жылдың наурыз айынан бастап Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы;
2022 жылдың тамыз айынан бастап Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметінде;