Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысының білім басқармасы
«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района
Управления образования Актюбинской области»

МЕНЮ

2024 жылдың 27 ақпан күні Ақтөбе қаласы, Шығармашылық академиясында “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми- тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен “Үздік қосымша білім беру педагогі-2024” облыстық байқауында өзінің авторлық жаңашылдық идеясы мен озық педагогикалық іс- тәжірибесімен ерекшеленгені үшін А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің қосымша білім беру педагогі музыкалық теория пәндерінің оқытушысы Бектурганова Багила Оразбаевна жүлделі 3-орын иеленді.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

2024 жылдың 20 ақпанында №2 Ембі қалалық ЖББОМ-нің базасында “Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет” тақырыбында №2, №7 Ембі қалалық ЖББОМ-нің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Жиналысқа Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлы,
Ембі қалалық полиция бөлімшесінің басшысы,полиция майоры Амангали Дәурен Аскарбекұлы ,Қалалық қоғамдық Кеңес мүшесі-
Бұзаубаев Владимир Султанович,№2 Ембі қалалық ЖББОМ- нің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Нугманова Ержамал Аққайдауқызы ,№7 Ембі қалалық ЖББОМ-нің Қамқоршылық кеңес төрайымы Тажигарина Нурия Касымовна қатысып оқушылармен пікірлесіп, ой бөлісті.

© 2024 Ақтөбе облысының білім басқармасы
«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ ГУ «Отдел образования Мугалжарского района
Управления образования Актюбинской области»