13.02.2026
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, тр.Актобе-Атырау Рф Шекарасы Автомобиль Жолы, д.4А
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары)
Мұғалжар ауданының білім бөлімі жеке мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 75 орынға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйым Мұғалжар ауданының білім бөліміне мынадай құжаттар тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Конвертке салынған конкурстық өтінімдерді конкурсқа қатысушылар «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ-не төмендегі мекен- жай бойынша : Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, тр.Актобе-Атырау Рф Шекарасы Автомобиль Жолы, д.4А
қабылдау кабинетіне тапсырады немесе көрсетілген электрондық поштаға жолдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2026 жыл 06 наурыз айы сағат 17:30.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2026 жылдың 13 наурыз сағат 10:00-де төмендегі мекен- жайда: «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, тр.Актобе-Атырау Рф Шекарасы Автомобиль Жолы, д.4А
Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады.
8 (7133) 7-50-30




